«Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн»

0

Жаз маусымында мектеп жасындағы балалардың  демалыс уақытын қалай өткізуіне  ата-анасының ықпалы мол. Кей ата-аналар өкінішке қарай, бала еңбегі мен еңбек тәрбиесінің ара-жігін ажыра алмай жатады. 

 

Еңбек тәрбиесі – перзентінің өз ата-анасына үй тірлігіне қолғабыс етуі. Бұдан келетін еш қауіп жоқ, керісінше жасөспірімдердің тәрбиесіне, олардың өмірге бейімделуіне оң әсерін тигізеді. Десекте, қоғамда бала еңбегін заңсыз пайдалану мәселесі өзектілігін жоймай келеді.

Осыған орай, Қордай ауданы әкімдігінің кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясы «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн»  ұлттық ақпараттық науқанын өткізу шеңберінде Қордай ауданы полиция бөлімінің кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекторларымен, білім бөлімімен бірлесіп базарларда, автокөлік жуу орындарында, дүкендерде он сегіз жасқа толмаған қызметкерлердің еңбегін реттеу ерекшеліктері туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Науқанның негізгі мақсаты — ересектерді, балаларды және олардың ата-аналарын балалар еңбегінің ең нашар түрлерін қолданудың алдын алу мәселелеріне аудару, сондай-ақ осы саладағы құқықтық ақпараттандыру болып табылады.

 

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.