ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТАЛАП ТІЛЕКТЕРІ ТЫҢДАЛДЫ

0

Қордай ауданында халықпен ашық диалог орнату және тұрғындардың өтініш-тілектерін тыңдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы – азаматтардың талап-тілектеріне құлақ асып, олардың мәселелерін заң аясында шешуге бағытталған маңызды қағидаттардың бірі.

Бұл бағыттағы жұмыстар мемлекеттік органдар мен халық арасындағы байланысты нығайтып, тұрғындардың өзекті мәселелерін уақытылы қарастыруға мүмкіндік береді. Осы мақсатта Қордай ауданы әкімдігінде аудан әкімінің орынбасары Жұлдызбек Бақаевтың қатысуымен тұрғындарды жеке қабылдау өтті. Кездесу барысында азаматтар өздерін толғандырған мәселелерін ортаға салып, өтініштері мен ұсыныс-пікірлерін жеткізді. Жеке қабылдауға алдын-ала жазылым бойынша 8 тұрғын және кезектен тыс 2 азамат қатысып, жалпы саны 10 тұрғын өз мәселелерінің шешілуіне қатысты сауалдарын қойды. Қабылдау барысында тұрғындар негізінен тұрғын үймен қамтамасыз ету, жер учаскесін алу және өзге де әлеуметтік мәселелерге қатысты өтініштерін білдірді. Әрбір азаматтың өтініші назардан тыс қалмай, көтерілген мәселелердің мән-жайы жан-жақты қарастырылды. Аудан әкімінің орынбасары тұрғындарды мұқият тыңдап, олардың сауалдарына қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес тиісті түсіндірмелер берді. Сонымен қатар, кейбір мәселелерді шешу жолдары бойынша нақты бағыт-бағдар көрсетіліп, азаматтарға заң аясында атқарылатын жұмыстар жөнінде ақпарат ұсынылды. Тұрғындарды жеке қабылдау барысында көтерілген мәселелердің маңыздылығына баса назар аударылды. Осыған байланысты Жұлдызбек Төленұлы жауапты бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдеріне тиісті тапсырмалар жүктеп, әрбір өтініш бойынша нақты жұмыстар жүргізуді тапсырды. Сондай-ақ берілген тапсырмалардың орындалу барысын тұрақты бақылауда ұстау қажеттігін атап өтті. Бұл өз кезегінде азаматтардың өтініштерін сапалы қарастыруға, туындаған мәселелердің шешімін табуға және жауапты мекемелердің жұмысын үйлестіруге ықпал етеді.

Бүгінде тұрғындардың мұң-мұқтажын тыңдап, олардың талап-тілектеріне дер кезінде жауап беру – жергілікті атқарушы органдар қызметінің маңызды бағыттарының бірі. Өйткені халықпен тікелей байланыс орнату арқылы елді мекендердегі өзекті мәселелерді анықтап, оларды шешудің тиімді жолдарын қарастыруға болады. Ал азаматтардың өтініштеріне жауапкершілікпен қарап, нақты нәтижеге бағытталған жұмыстар жүргізу мемлекеттік органдарға деген сенімді арттырудың негізгі тетіктері саналады.

Бұл жұмыстар «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының жергілікті деңгейде жүзеге асуына және тұрғындардың мәселелерін шешуге бағытталған жүйелі шаралардың нәтижелі орындалуына негіз болмақ.

Leave A Reply

Your email address will not be published.