Тұрғындар тазаау жұмыстары кезінде көшелер мен аулаларда қалдықтар мен қоқыстарды өртейді. Бұл жанған қоқысқа салғырт қарау жақын орналасқан тұрғын үйлерге және қоршаған ортаға орасан зор шығын алып келуі әбден мүмкін. Осы орайда, аула және көше тазарту кезіндегі сақталуға тиісті қарапайым өрт қауіпсіздік шараларын естеріңізге саламыз. Яғни, көше бойындағы жиналған қоқыстарды жинап қойып, өртемеген дұрыс. Себебі, жиналған қоқыс арнайы автокөліктердің көмегімен тиісті орындарға шығарылады.
Тұрғын үй ауласын тазарту жұмыстарын жүргізу барысында қоқыс қалдықтарын бақылаусыз өртемеген абзал. Қоқысты жанғыш заттарға жақын жинап, ауа-райының желді күндері жағуға тыйым салынады. Аулаға жиналған қоқысты жағу кезінде ғимараттар мен тұрғын үйлерден ара қашықтықты сақтап, жиналған қоқысты өртемес бұрын жақын және қолжетімді жерге ыдыстарға су құйып қою керек.
Жиналған қоқыс қалдықтарын түрлі сұйық отындардың көмегімен тұтатпай, жанған қоқысты міндетті түрде су шашу арқылы сөнгендігіне көз жеткізген жөн. Қоқыс жағу және өртеу кезінде өрт қауіпсіздігі ереже талаптары бұзылған жағдайда, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» кодексінің 336 бабы бойынша әкімшілік шара көзделгендігін ескертеміз.
Төтенше жағдай орын алғанда 101 телефонына хабарласыңыздар!
Қ.Дүйсен, Қордай ауданы ТЖБ аға анықтаушысы, аға лейтенант