Сотқа дейінгі дауды жаңа жолмен шешу

0

Қазақстан Республикасында дауды соттан тыс реттеудің бірнеше түрі бар. Атап айтқанда, мысалы, адвокатқа жүгіну арқылы- Партисипаттық  рәсім арқылы дауды шапшаң шешіп тараптардың материалдық шығындарын азайтып, дауласушылық  денгейін  төмендете отырып құқықтық мәдениеттерін калыптастыруға болады.

Медиацияның  артықшылығы  дауласқан тараптардың  арасында  қарым – қатынастарын қалпына  келтіру және  сақтау, тараптардың  ресурстарын үнемдеуі. Медиаторға жүгіну арқылы – медиатордың   тәжірбиесіне іскерлігіне және біліміне сүйеніп тараптардың ерікті  келісімі  бойынша  жүзеге  асыруға болады.

Сот жүйесінде дауды сотқа дейн татуластыру рәсімдері ерекше орын алуда. 2022 жылдың қаңтар айынан бастап Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік Кодексіне «сотқа дейінгі хаттама» бойынша толықтырулар енгізілген болатын,  АПК-нің 73 бабының 1 бөлігіне сайкес дәлелдемені тараптар мен іске қатысатын басқа да тұлғалар бірінші сатыдағы сотқа дәлелдемелерді ашу және ұсыну арқылы, тараптардың өздері немесе  медиатор мен адвокатқа жүгіну арқылы жасауға болады. Сотқа дейінгі хаттаманы жасай отырып, олар бір-біріне дәлелдемелерді ашып, дауды бейбіт жолмен реттейді , сонымен қатар уақыттарын үнемдеп бұрынғы қарым-қатынастарын сақтап, арасындағы даудың сот процесінсіз, яғни соттан тыс тәртіппен шешудің бір мүмкіндігі. Сотқа дейнгі хаттама бүгінгі күні дауларды шешуде өзінің оң әсерін тигізіп отыр. Осылайша қабылданған заңдар азаматтар мен заңды тұлғаларға оңтайлы жағдай жасауға бағытталғандығын көрсетеді.

Дауларды соттан тыс және сотқа дейін реттеу рәсімдері күн сайын кеңінен қолданылуда. Бұл дегеніміз – сот жүйесінің одан әрі тиімділігіне және халықтың жалпы сот төрелігіне деген сенімнің артуына сөзсіз ықпал етері анық.

 

К. Қабылтай, Қордай аудандық соты кеңсесінің бас маман-сот мәжілісінің хатшысы

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.