СОТ ҮКІМІН ОРЫНДАУ – СОТТАЛҒАННЫҢ БАСТЫ МІНДЕТІ

0

Бас бостандығын шектеу — сотталған адамға алты айдан жеті жылға дейінгі мерзімге пробациялық бақылау белгілеуден және оны жазаны өтеудің бүкіл мерзімі ішінде жыл сайын бір жүз сағаттан мәжбүрлі еңбекке тартудан тұратын жаза түрі.

 

Қылмыстық кодекстің талабына сәйкес сот, егер сотталған адам бас бостандығын шектеуді өтеуден қаскөйлікпен жалтарған жағдайда, оның өтелмеген мерзімін бас бостандығынан айыруға ауыстыруға құқылы.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2022 жылы аудандық пробацияның есебінде тұрған 8 сотталған, ағымдағы жылдың өткен мерзімінде 4 сотталған жазаны өтеудің тәртібі мен сотпен жүктелген міндеттерді орындамағаны үшін бас бостандығынан айыру мекемесіне жазасының қалған бөлігін өтеу үшін жіберілген.

Сотталғандардың түнгі уақытта тұрғылықты мекенжайларында болмауы, спирттік ішімдіктерді ішетін орындарға баруы, әкімшілік аумақтан рұқсатсыз шығуы, әкімшілік құқық бұзушылық жасауы, пробацияға есеп беру үшін уақтылы келмеуі және мәжбүрлі еңбектен себепсіз жалтаруы бас бостандығынан айыру мекемесіне жіберудің негізгі себебі болып табылады.

Сондай-ақ, қылмыстық заңнамада түзелу жолына түскен сотталғандарды жазаның белгілі бір мерзімін өтегеннен кейін шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатылуы мүмкiн екені көрсетілген.

Осыған орай, жазаны өтеуден мерзімінен бұрын босау немесе, керісінше, жазаны бас бостандығынан айыру мекемесінде өтеу сотталғанның өз қолында екенін атап өту қажет.

 

Қордай ауданының прокуратурасы

Leave A Reply

Your email address will not be published.