ҚОРДАЙ АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ
САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ
ШЕШІМІ
2023 жылы «28» маусым №13
Қордай ауданының Ауқатты ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 113-1-бабына сәйкес Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ЕТЕДІ:
- 2023 жылғы 06 тамызға Қордай ауданының Ауқатты ауылдық округі әкімінің сайлауы тағайындалсын.
- 2023 жылғы 06 тамызға тағайындалған Қордай ауданының Ауқатты ауылдық округі әкімінің сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары осы шешімінің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
- Осы шешім Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және «Қордай шамшырағы» аудандық қоғамдық-саяси газетінде жариялансын.
Комиссия төрағасы А.Сырлыбаев
Комиссия хатшысы Г.Абишева
ҚОРДАЙ АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ
САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ
ШЕШІМІ
2023 жылы «28» маусым №14
Қордай ауданының Ауқатты ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша сайлау округтерін құру туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына сәйкес Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ЕТЕДІ:
- Қордай ауданының Ауқатты ауылдық округі әкімін сайлау бойынша сайлау округін құру:
1) Ауқатты ауылдық округі әкімі – Ауқатты ауылдық округі шекарасындағы Ауқатты сайлау округі.
- Сайлау округінің тізімі олардың шекаралары мен аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері көрсетіле отырып Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және «Қордай шамшырағы» аудандық қоғамдық-саяси газетінде жариялансын.
Комиссия төрағасы А.Сырлыбаев
Комиссия хатшысы Г.Абишева