ХАБАРЛАМА

0

2023 жылғы 25 маусымда Қордай ауданының Қордай ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.

Қордай аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Рес-публикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде Қордай ауданы ауылдарының, ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау нәтижелері туралы сайлау қорытындыларын анықтады:

Қордай ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша сайлау округі:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 24016 азамат енгізілді, оның ішінде 14591 адам дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 23, «Барлығына қарсы» деген жолда белгі қойылған — 6.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

А.Аяпберген – 1102; А.Каспакбаев – 11701; Т.Қабылтай – 1759.

Қордай ауылдық округінің әкімі болып Каспакбаев Адлет Медельбекович сайланды. Ол 1986 жылы туған, Қордай ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы қызметін атқарды, Қордай ауылының тұрғыны, «AMANAT» партиясының мүшесі.

Қордай аудандық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес 2023 жылғы 26 маусымдағы шешімімен 2023 жылғы 25 маусымда сайланған Қордай ауданының Қордай ауылдық округінің әкімін тіркеді.

 

Қордай аудандық сайлау комиссиясы

Leave A Reply

Your email address will not be published.