Жақында Қордай ауданы бойынша шекара басқармасына қарасты «Қарасай батыр» шекара бөлімшесінің аумағында мемлекеттік шекарадан жалпы саны жүзге тарта ұсақ малды алып өтпек болған мемлекеттік шекара бұзушылардың жолы кесілді.
Бұл ұйымдасқан әрі өзара келіскен топтың заңсыз әрекеті еді. Олар алдын ала дайындалып, инженерлік бөгеттерді бұзып, малдардың оңай өтуіне жағдай жасаған. Тәркіленген мал мемлекет меншігіне өткізілді.
Шекарашы жауынгерлердің қырағы қызметінің нәтижесінде Қазақстан Республикасынан Қырғызстан еліне қарай заңсыз ұсақ малды өткізбек болған әрекеттері дер кезінде тойтарылды.
Іздестіру жұмыстары барысында заңсыз әрекетке қатысы бар тұлғалардың барлығы анықталды. Алдағы уақытта аталған тұлғаларға қатысты сот ісі жүргізіліп, заң талаптарына сәйкес жауапкершілікке тартылатын болады.