ЖАҢА ЦИФРЛЫҚ ҚҰЖАТ

0

eGov Mobile мобильді қосымшасында жаңа цифрлық құжат – «Колледж дипломы» енді қолжетімді. Колледж дипломы — арнаулы орта білімнің бар екендігін куәландыратын құжат. Енді сіз осы цифрлық құжатты eGov Mobile қосымшасы орнатылған смартфонмен электронды түрде ұсына аласыз.

Сервистің көмегімен қолданушылар цифрлық құжаттарды әрқашан ұялы телефоннан көрсете алады. Енді колледж түлектері eGov Mobile қосымшасы арқылы құжатты цифрлық форматта қолдана алады. Осыған дейін eGov mobile пайдаланушылары үшін жоғары оқу орындарының дипломдары мобильді қосымша арқылы қолжетімді болды. Бұл қажетті құжаттарды алу және ұсыну процесін едәуір жеңілдетеді.

Цифрлық құжатты қолдану үшін eGov mobile қосымшасының басты бетінде «Цифрлық құжаттар» сервисін таңдау керек. Пайдаланушы құжатпен QR код немесе 6 таңбалы код арқылы бөлісе алады.

Цифрлық құжат — түпнұсқа құжаттың аналогы. Қазіргі уақытта «Цифрлық құжаттар» сервисінде 27 құжат қолжетімді: оның ішінде жеке куәлік, жүргізуші куәлігі, ҚР азаматының паспорты және басқалары бар.

Leave A Reply

Your email address will not be published.