Қордай аудандық сотында 2023 жылдың 6 айындағы сот жұмысының қорытындыларына арналған баспасөз
конференциясы өтті.
Қордай аудандық сотының төрағасы Е.Ілиясов өз баяндамасында статистикалық деректерді көрсетіп, оған сәйкес 2023 жылдың 6 айында Қордай аудандық сотымен 59 қылмыстық іс қаралғанын, оның ішінде айыптау үкім шығаруымен 53 іс қаралғанын, 3 қылмыстық іс ҚПК тараптарын бұзғаны үшін прокурорға қайтарылғанын, 3 іс қысқартылғанын жеткізді.
2023 жылдың 6 айында сотпен 539 азаматтық іс қаралды, оның ішінде 278 шешім шығаруымен, 126 сот бұйрықтарын шығаруымен, 58 іс өндірісімен қысқартылды, оның ішінде 5 азаматтық іс бітімгершілік келісіммен аяқталды, 1 іс парсипативтік келісіммен аяқталды, 49 іс медиация тәртібімен аяқталған.
Осы кезеңде, сотпен 643 адамға қатысты 643 әкімшілік құқық бұзушылық іс қаралды, 42 іс өндірісімен қысқартылды, 1 іс медиация тәртібімен аяқталған.
Қордай аудандық соты «Отбасылық сот», «Татуластыру рәсімдері» пилоттық жобаларына қатысады. Осы жобалар шеңберінде Билер кеңесімен және медиаторлардың қатысуымен татуластыру рәсімдерін жүргізе отырып 49 іс татуластырумен аяқталған.
2023 жылдың 6 айында 7 әкімшілік талап түсті, 7 талап қаралды, оның ішінде 6 талап қайтарылған, 1 шешім шығарылды.
Соңында Е.Ілиясов БАҚ өкілінің сұрақтарына жауап беріп, Қордай аудандық соты сот ісін жүргізуді одан әрі жетілдіру, сот төрелігінің ашықтығы мен қолжетімділігі, сондай-ақ азаматтардың сот жүйесіне деген сенім деңгейін арттыру үшін барлық шараларды қолданып жатқанын атап өтті.