14 шілдеде аудандық мәслихаттың сессиясы өтіп, оны Қордай аудандық мәслихатының төрағасы Нұрдин Садықов жүргізді. Сессия жұмысына депутаттардан бөлек аудан әкімінің орынбасары Бақыт Сахатов, ауылдық округ әкімдері қатысты.
«Қордай аудандық мәслихатының 2022 жылғы 29 желтоқсандағы «Қордай ауданы ауылдық округтерінің 2023-2025 жылдарға арналған бюджеті туралы» №34-2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» бірінші сұрақ бойынша аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Светлана Абдужалиева баяндама ұсынды.
Сондай-ақ, депутаттар Қордай ауданы бойынша 2023 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін қайта бекітті.
Қаралған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.