«Қоғамдық сақшы»
Бүгінде кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылық өзекті мәселелердің бірі болып отыр.
Әсіресе, сабақтан бос жазғы демалыста бұл мәселенің өткірлігі арта түседі. Осы ретте құқық қорғау органдары және жастармен жұмыс істейтін мемлекеттік мекеме мамандары жасөспірімдердің қауіпсіздігін сақтап, құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында тұрақты түрде жұмыс жүргізіп келеді.
Мәселен, 17 шілде күні аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия мүшесі, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі, аудандық полиция бөлімінің ЖПҚБ ювеналды полиция тобының учаскелік инспекторлары және Қордай ауданының білім бөлімінің қызметкерлері бірлесе отырып, жастар арасында қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында және «Қоғамдық сақшы» жобасы аясында ауқымды рейдтік іс-шара өткізді.
Арнайы құрылған топ мүшелерімен аудандағы орталық саябақ, мейрамхана, түнгі көңіл көтеру мекемелерінің иелерімен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
А.Күлкібай, жастарға қызмет көрсету
бөлімінің инспекторы