ТАҒАЙЫНДАУ

0

Қордай ауданы әкімінің 2023 жылғы 17 шілдедегі № 73 ө-ж/қ өкімімен Данияр Файзуллаевич Ебелекбаев Қордай ауданы әкімдігінің тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы болып тағайындалды.

Ебелекбаев Данияр Файзуллаевич 1986 жылы 23 қазанда Жамбыл облысы Байзақ ауданы Ақжар ауылында дүниеге келген.

Ұлты – қазақ.

Білімі – жоғары.

2008 жылы Әл-Фараби Қазақ Ұлттық университетін «Әлеуметтану» мамандығы бойынша, 2012 жылы Тараз инновациялық-гуманитарлық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша аяқтаған.

Еңбек жолын 2010 жылы «Медеу» қалалық экологиялық инспекциясында кеңесші болып бастаған.

2011-2013 жылдары Алматы қалалық экология инспекциясы Әуезов аудандық бөлімінде кеңесші, 2013-2017 жылдары Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі аппаратының көріктендіру бөлімінің бас маманы, 2017 жылы Алматы қаласы агроөнеркәсіп кешеніндегі аумақтық инспекциясының ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы, 2017-2018 жылдары «Ұлттық зияткерлік меншік институты» Республикалық мемлекеттік кәсіпорнында маман-заңгер, 2018-2019 жылдары Жамбыл облысы статистика департаментінің заң басқармасының бас маманы, 2019-2020 жылдары «Атамекен» Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасының жобаны сүйемелдеу бөлімінің сарапшысы,; 2020 жылы Қордай ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы, 2020-2021 жылдары Қордай ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру –инспекторлық жұмысы бөлімшесінің бас инспекторы, 2021 жылы Қордай ауданы Отар ауылдық округі әкімінің орынбасары, 2021-2023 жылдары Қордай ауданы Отар ауылдық округінің әкімі болып қызметтер атқарған.

Үйленген, 3 бала тәрбиелеуде.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.