НҰРЖАН НҰРЖІГІТОВ ОБЛЫС ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ АЛҚА МӘЖІЛІСІНЕ ҚАТЫСТЫ

0

Облыстық прокуратурада өткен алқа мәжілісінің отырысына аймақ басшысы Нұржан Нұржігітов, құқық қорғау органдарының және бейнеконференциялық-байланыс арқылы ҚР экология және табиғи ресурстар министрлігінің бейіндік комитеттерінің басшылары қатысты.

Басқосуда су заңнамасының сақталуына және «Қазсушар» РМК облыстық филиалы қызметінде су шаруашылығын дамытуға бөлінген қаражаттың  жұмсалу заңдылығына жүргізілген тексеріс нәтижесі талқыланды. Алқа мәжілісін жүргізіп отырған облыс прокуроры Нұрғалым Әбдіров «Қазсушар» РМК филиалының қызметінде жүргізілген прокурорлық тексеру нәтижесін алға тарта отырып, өңірдегі трансшекаралық сумен жабдықтау мәселелерінен бөлек тағы бірқатар өткір сұрақтар бар екендігін атап өтті. Нақтырақ айтқанда өңірде су шығынының жоғары деңгейі, гидротехникалық құрылыстардың тозуы секілді бірқатар мәселелерге тоқталды. Өз кезегінде «Қазсушар» РМК облыстық филиалы директорының міндетін атқарушы Ерлан Өтегенов және Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Шу-Талас бассейндік инспекциясының басшысы Гүлмира Имашева туындаған сауалдарға жауаптар берді.

Облыс әкімі Нұржан Нұржігітов саладағы кемшіліктердің көптен бері қордаланып қалғандығын, қазіргі таңда мәселелерді шешу, суармала алқаптарды айналымға қосу, суармалы егістік көлемін арттыру бойынша тиісті жұмыстар жүзеге асып жатқанын жеткізді.

 

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.