Жамбыл облысында жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу шаралары күшейтіледі

0

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мәселелері бойынша штаб отырысын өткізді.

Жиында өңірдегі жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың себептері және мемлекеттік органдардың профилактикалық жұмыстарының тиімділігі қаралды.

Облыс әкімі профилактикалық іс-шаралардың басым бөлігі көзбояушылық сипатта қалып отырғанын сынға алды. Оның айтуынша, балалардың қауіпсіздігі мен тәрбиесіне қатысты жұмыстарды қағаз жүзінде емес, нақты нәтижемен бағалау қажет.

– Ашық сабақтар өтті. Тренингтер өтті. Сауалнамалар алынды. Рейдтер жүрді. Ал нәтижелер қайда?! Қағаз жүзінде бәрі тамаша, ал шын мәнінде қайғылы жағдайлар орын алып жатыр. Ашығын айту керек, қағаздағы профилактика баланы құтқармайды.

Сауалнамада балалар дабыл қағып, нақты деректерді көрсетіп отыр. Біз оған назар аудармаймыз.

Балалардың тағдырына бейжай қарауға болмайды. Осыны анық түсінуіміз керек, – деді өңір басшысы.

Ербол Қарашөкеев полиция департаментінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға жыл сайын қомақты қаражат бөлініп, қызметкерлердің тиімді жұмыс істеуіне қажетті жағдай жасалып отырғанын еске салды. Осыған қарамастан, аудандық полиция бөлімдерінің жұмыстарына көңілі толмайтынын жеткізді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.