«Жерде бір бала қуанса, көкте он періште шаттанады», деген аталы сөз бүгінгі қоғамның келбетіне айналуы тиіс-ақ. Осы орайда елімізде жыл санап балаларға арналған жаңа нысандардың көптеп ашылуы, қайырымдылық іс-шаралар қатарының артуы қуантарлық жайт. Мұндай игі бастамалардың қатарында жаңа оқу жылы қарсаңында ұйымдастырылатын «Мектепке жол» дәстүрлі жалпы республикалық қайырымдылық акциясы да бар. Аз қамтылған, көпбалалы, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылына дайындық кезінде материалдық және өзге де көмек көрсету мақсатында ұйымдастырылатын шара биыл «Жақсылық жаса!» ұранымен өтпек. Айта кетейік, аталмыш акция тамыздың бірінде басталып ай соңына дейін жалғасады.
Аз қамтылған және көпбалалы отбасынан шыққан мыңдаған балаға бюджеттен тиісті қаржы қарастылып отыр. Бұдан бөлек білім бөлімімен 500-ге жуық баланың тізімі жасақталуда. Осы орайда, аудан басшылығы және Жамбыл облысы білім басқармасы Қордай аудандық білім бөлімі шараға атсалысуға ниетті аудан тұрғындарын, белсенділерді, бизнес өкілдерін аталмыш акцияны ұйымдаса өткізуге, белсенділік танытуға шақырады.
Әлеуметтік көмек көрсету туралы сұрақтар болса, Қордай аудандық білім бөліміне хабарласуға болады. Білім бөлімінде 1 тамыздан 30 тамызға дейін ата-аналардың өтініштері бойынша «жедел желі» жұмыс істейді.
Байланыс телефоны:8 (72636)2-10-43