Көмекке жүгінгеннің жүгі жеңілдеді

0

«Nur Otan» партиясы Қордай аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Рүстем Дәулет онлайн форматта аудан тұрғындарын жеке сұрақтары бойынша қабылдады. Партия филиалының мәжіліс залында өткен қабылдауға бөлім басшылары мен ауыл әкімдері қатысып, тұрғындардың тілегіне құлақ түрді.

Аталмыш қабылдаулардың арқасында көптеген азаматтардың жеке мәселелері зерделеніп, түйінін тауып келеді. Әр бір тұрғынның сұрағы жіті назарға алынуы партияның басты міндетінің бірі болып табылатыны белгілі. Сондықтан да халықтың сеніміне айналған партияның тұрғындарды жиі қабылдауы да заңдылық. Әлемдегі ахуалға байланысты қазіргі қабылдаулар онлайн форматта өтуде. Әрбір тұрғынмен тікелей онлайн тілдескен филиал төрағасы Рүстем Рысбайұлы ешкімнің сұрағын жауапсыз қалдырмады. Мәселен, Степное ауылының тұрғыны Гүлпатша Испанова осы ауылда тұрып жатқанына 12 жылдан асқан. Ұлы алдағы қараша айында 20 жасқа толады. Десе де ұлы әлі күнге дейін жеке куәлігін ала алмай жүр екен. Осы сұрақ бойынша партияға қайырылып, көмекке жүгінген. Мәселесімен танысқан аудан әкімі осы сұраққа байланысты жауапты мамандарға тапсырма берді. Нәтижесінде барлық заңды жолдары түсіндіріліп, құжаттар дүйсенбі күннен бастап рәсімделетін болды. Сондай-ақ, қаржылық қиындықтарға тап болғандар да болды. Осындай жандардың бірі Рахима Ахмедоваға демеушілердің көмегімен алдағы жылыту маусымына көмек көрсетілетін болды. Дәл осындай жағдаймен онлайн қабылдауға жызылған Людмила Токареваға да демеушілердің көмегімен 50000 теңге соммасында қаржылай көмек қаралатын болып шешілді. Сонымен қатар, коммуналдық мәселесі бойынша тікелей байланысқа шыққан Орынбор Досымқұлова әжейдің тұрмыс жағдайы зерделеніп, әлеуметтік көмек көрсетілетін болып, оң шешімін тапты.
Аудан әкімі Рүстем Рысбайұлымен онлайн форматта қабылдауда болған жандар алғыстарын айтып, жұмысына сәттілік тіледі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.