Пешті пайдаланумен байланысты өрттердің негізгі шығу себептері: түтін құбырлары тұрғызылған кірпіштердегі сызаттар, нәтижесінде түтіндікте жиналып қалған күйелердің кесірінен қабырғаның қызып кетуі туындайды. Ал бөлмелерді жылыту үшін электр аспаптарын қолдану, оның ішінде қолдан жасалғандар, электр жүйесіне, тоқтардың оқшауланған жерлерінің еруін туындататын қосылған жерлерінің қызуына артық күш түсуіне алып соғары ас емес.
Өрттерді және оқыс жағдайлардың алдын алу мақсатында Қордай ауданы ТЖ бөлімі қызметкерлерімен тұрғын үй секторларында өрттерді болдырмау бойынша үнемі үгіт-насихат жұмыстары жүргізілуде, атап айтқанда, өрт қауіпсіздігі тақырыптарында жаднамалар, кітапшалар таратылып, тұрғындармен жиындар ұйымдастырылуда. Бұндай жұмыстардың басты мақсаты, әрбір тұрғын жылыту және тұрмыстық электр аспаптарын, ашық отты пайдалануда өрт қауіпсіздік ережелерін білулері.
Өртке қарсы қызметкерлер тұрғын үй секторларын арнайы киімде және қызметтік куәліктерін көрсете отырып аралайтынына айтқымыз келеді.
Азамат ӘБІШ, Қордай ауданы ТЖБ бас маманы