ҚОРДАЙДЫҢ ТАНЫМАЛ ЖЕРЛЕРІ

0

«Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы аясында Қордай ауданы аумағында орналасқан жалпы ұлттық

макросакралды киелі орындарды және жергілікті микросакралды нысандарды аудан тұрғындары мен қонақтарына

таныту жұмыстары ұйымдастырылған болатын. Соларды тағы бір мәрте таныстыруды жөн көрдік.

ӨТЕГЕН БАТЫР  КЕСЕНЕСІ

Орналасқан жері:Қарасу ауылдық округі, Өтеген ауылының солтүстік-шығысында, 2 шақырым жерде орналасқан.

Қысқаша анықтамасы: Өтеген Өтеғұлұлы 1699 жылы шілде айында Шу өзенінің бойында Хантауының оңжақ шығысындағы Изенді деген жерде – қазіргі Мойынқұм ауданында дүниеге келген. Өткен деректер бойынша Өтеген қазіргі Қапшағай су қоймасының орнында, Шолақтаутау бөктеріндегі Шеңгелді деген жерде, Іле өзені жағасына жерленген. Қапшағай ГЭС-ін салу барысында бұл  жерді су басатын болғандықтан, батырдың сүйегін 1973 жылы оның ұрпақтары Қордай ауданы территориясына Кеңес ауылы (қазіргі Өтеген) ауылына қайта жерлеген.  Батырдың сүйегі жерленгенбиік дөң басына жаңа кесене тұрғызылған.  Өтеген батыр кесенесі 1999 жылы Өтеген ауылының (бұрынғы Кеңес) солтүстік-шығысында 2 км жерде, қырбасында орналасқан. Батырдың туылғанына 300 жыл толуына орай салынған. Сәулетшілері С.Дембай. Н.Баекеев. Өтеген батырдың сүйегін қайта қабірлеуде ертерек қалыптасқан мемориалды кешен құрамына енген (1973 жылы). Тік бұрышты негіздегі дәстүрлі порталды-күмбезді композиция темір- бетоннан тұтастай құйылып, ақ мәрмәр тақталармен қапталған. Басты қасбетүшкір портал мен кіретін қуысарқылы дараланған. Ғимараттың бұрыштары, Қазақстанның кейбір аймақтарында кездесетін мемориальды құрылыстарына тән «төртқұлақ» кейпінде жасалған. Күмбездің сырты қабыршақты металл жабындымен жабылған.  Бұрын бейіт басында (1973 жылы)  тұрған гранит белгі кіреберістің сол жағына, қабірден төменірек жерге ауыстырылған. Ескерткіш белгінің биіктігі 5,44 м. Жоғары жағына ай мен «Бабамыз батыр Өтеғұлұлы Өтегенге ескерткіш. 1699-1773 ж.ж.» деген жазу қашалған. Төменгі жағына оның ұрпақтарының атынан ескерткіш өлеңдер жазылған. Қырдың етегінен кесенеге қарай кең көп сатылы баспалдақтар апарады.

 

КЕНЕСАРЫ ХАН МЕМОРИАЛЫ

 

Орналасқан жері: Қордай ауданының, Қаракемер ауылдық округі, Қаракемер ауылының оңтүстік-шығысында 14 шақырым жерде жайғасқан.

Қысқаша анықтамасы: Қаракемер-Қарасай батыр тас жолының сол жақ бетінде, жолдан 30 метр жерде орналасқан «Обалар тобы» археологиялық ескерткіші табылып Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шілдедегі «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Заңының шеңберінде алдын-ала есепке алынып, Жамбыл облысы тарих және мәдениет ескерткіштерінің жинағына енгізілді.

Топырақ пен тастан үйілген үш обадан тұрады. Бірінші оба үстіне 2006 жылы қазақтың ханы Кенесары Қасымұлы мерт болған жеріне және майдандас батырларына арналып ескерткіш орнатылды.  Ескерткіш биіктігі 6 м, жандары 2,4 м х 2,4 м бетоннан құйылып қызыл мәрмәр тақталарымен қапталған. Ескерткіш көлемі 4,3 х 4,3 м, биіктігі 30 см келетін тұғыр үстіне қойылған. Ескерткіш қойылған оба үстіне сырық қадап, ту тігілген.

Осы ескерткішке қорғау тақтасы орнатылып, үстінде  тағы да «Мұсылман дінін уағыздаушы Смайл Әли Мұхаммедке» және «Кенесары хан Қасымұлы және батырларына 1847» деген жазу түсірілген, сондай-ақ, ескерткіш тақталар орнатылған.

 

НОҒАЙБАЙ БИ КЕСЕНЕСІ

 

Орналасқан жері: Қордай ауданы, Ноғайбай ауылдық округі.

Қысқаша анықтамасы: Ноғайбай би Дәулетбақұлы 1834 жылы Қордай ауданында дүниеге келген Жетісу өңіріне белгілі шешен, би. Дулат тайпасының Қасқарау руынан. Әкесі Дәулетбақ, арғы атасы Малдыбай Жетісудағы қазақ, қырғыз жұртына бірдей аттары әйгілі адамдар болған. Талас, Қордай өңірлеріндегі Қоқан ханына қарсы көтерілген қазақ руларын басқарған.

Кесене Ноғайбай ауылдық округінде Шарбақты ауылында, Ырғайты өзенінің сол жағалауында орналасқан, зиратта. Жоспарда шаршы тәріздес, бір камералы құрылыс. Көлемі 5х5 м, биіктігі 8 м. Кіреберісі аркалы қуыспен дараланған.  Бұрыштарында төртқырлы мұнаралар түрінде жасалып, жоғарғы жағы күмбезделген. Құрылыстың төбесі метал күмбезбен жабылған. Күмбез ай орнатылған құббамен әшекейленген. Кіреберіс есіктің үстіне мәрмәр тақта орнатылып, онда «Ноғайбай Дәулетбақұлы 1834-1910» деп жазылған.

 

Қордай батыр ескерткіші

 

Орналасқан жері: Қордай ауданы, Алматы-Қордай күре жолының 171 шақырымындағы Қордай асуына қойылған.

Қысқаша анықтамасы: Ескерткіш 2002 жылы қызыл гранит тастан көлемді етіп жасалып, тас тұғырдың үстіне орнатылған. Ежелгі заманда, бұдан екі мың жыл бұрын сақ пен  ғұндары дәуірлеп тұрған шағында, І-ІІ ғасырда ғұмыр кешкен деседі. Қордай батырдың бойы барлық адамнан биік болған екен. Өзі ақкөңіл, жомарт, күлгенде қарқылдап, сөйлегенде гүрілдеп, жанның бәрін жақынындай көреді. Қордай-Ұлы жүздің Дулат руынан шыққан батыр. Атақты алашқа айналған белгілі- Қордай бабамыз Дулаттан, Қасқару, Жаныстан шыққан атақты қолбасшы болған. Елі мен жері үшін келешек ұрпағының болашағы үшін тер төгіп, кескілескен шайқаста басын тіккен батырларымыз қазақ халқында өте көп. Сол қасиетті батыр аталарымыздың бірі, артына өшпес із қалдырған, осы- Қордай батыр болған екен.

Аңыз бойынша Хантау тауларының бөктерін жау шапқан кезде, Шудың батыс жағалауынан Аспара батыр, шығыстан Қордай батыр екеуі ақылдаса келіп, оңтайлы жоспар құрып амалдарын асырады. Жауға төтеп беріп, жасақтарымен қырып салады. Сол кезде Хантау тауының бөктері мен сай-саласынан қырылған сансыз жау әскерінің қып-қызыл қаны аққан деседі. Сол себепті ол жер – «қантау» болып аталған екен. Өмірінің соңында Атар батырдың сүйегі Қап тауында, Аспараның сүйегі қазіргі Аспара өзеннің жоғарғы ағысында, ал Қордай батыр осы Қордай асуындағы биік шоқының басына жерленген екен.

Қордай батырдың елігі, қыран бүркіті болған екен. Тарихи деректерге сүйене отырып, қыран бүркіт пен қос екіліктің алтын түстес мүсіндері де ескерткіш маңына орнатылған.

 

КЕНЕН ӘЗІРБАЕВ МУЗЕЙІ

 

Орналасқан жері: Кенен Әзірбаев музейі, К.Әзірбаевтың бейіті, Кенен ауылдық округі, Кенен ауылының шығыс шетіндегі саябақта жайғасқан.

Қысқаша анықтамасы:Кенен Әзірбаев музейі ауылдың шығыс шетіндегі көркейтілген саябақ территориясында орналасқан. 1981 жылы ашылған. Орталық аллеясы бар саябақ, мұражай ғимараты және бейіттегі құлыптас ескерткіштер біртұтас сәулеттік кешенді құрайды. Кешеннің авторлары — В.Генералов, С.Самигуллин, А.Боровикова. Орталық  аллея мұражай  ғимараты мен қазақтың  халық ақыны, әнші әрі  композитор Кенен Әзірбаевтің жерленген жеріне апарады. Мұражайда К.Әзірбаевтің шығармашылық және қоғамдық қайраткерліктері туралы мағлумат беретің 900-ден астам экспонаттар жинақталған.Олардың ішінде жеті жасар Кененге әкесінің сыйлаған кішкене домбырасы да бар. Онымен ол алғаш рет өзінің «Бозторғай» мен «Көк шолақ» әндерін орындаған. Мұражай жәдігерлерінің бірі — Жамбыл Жабаев сыйлаған күміс жалатылған белдік.

Мұражай ғимараты тікбұрышты (7,0х12,8х12,8м) жоспарлы, екі қабатты кірпіш пен бетоннан соғылған. Жоғарғы ярустың басты жәнеартқы қасбеті алға қарай  шығыңқы, терезелер орнатылған екі вертикальмен дараланған. Терең, тікбұрышты кіреберіс құыс сәнді әшекейленген, оған кең, гранит блоктардан жасалған, салтанатты баспалдақ апарады. Қасбеттің қабырғалары қырлар мен үшкір терезелер арқылы бөлінген. Ғимараттың бұрыш бөліктері терезе деңгейінде қазақтың оюларымен безендірілген.

 

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.