Қазақстан Республикасының кәсіби мерекесі – спорт күні қарсаңында салауатты өмір салтын насихаттау, спортқа баулу мақсатында орталық саябақта Қордай ауданының спорт саласындағы марапаттау және қызметкерлер арасында спартакиада ұйымдастырылды. Жиналған спорт саласындағы қызметкерлерді төл мерекесімен құттықтауға аудан әкімінің орынбасары Дамира Сүгірбай, Қордай аудандық мәслихат төрағасы Нұрдин Садықов, аудандық «Amanat» партиясының төрағасы Қарлығаш Қыпшакбаева және спорт ардагері, аудандық мәслихат депутаты Мұхтар Далбаев келіп, жылы лебіздерін жеткізді.
Құттықтаушылар соңғы жылдары ауданымызда салауатты өмір салтына ден қойғандар саны артқанын, оған ашылып жатқан көптеген спорт алаңшалары мен спорт кешендері сеп болып отырғанын жеткізді.
Содан кейін, мерекеге орай ауданымызға спорттың дамуына ерекше атсалысып жүрген спортшылар мен аталмыш сала қызметкерлеріне Құрмет грамоталары мен алғыс хаттар табыс етілді.
Осы орайда ұйымдастырылған жарыс жамбы ату, асық ату, эстафета, дартс, арқан тарту, мастрестлинг сынды 6 спорт түрінен өтті.
Жеңіске қол жеткізгендер мен жүлдегерлерге арнайы дипломдар мен сыйлықтар табыс етілді.
Қазақ елінің спорт саласындағы жетістіктері мен табыстары арта берсін!