Ауыл шаруашылығы. Қордай ауданында ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен негізінен шаруа қожалықтары мен жұртшылық шаруашылықтары айналысады. Есепті мерзім ішінде төрт түліктің барлық түрлерінің өнімдерін қоса есептегенде 4104,2 тонна ет (сойыс салмақта), 36855,7 тонна сүт, 11017,3 мың дана жұмыртқа өндіріліп, өткен жылғы сәйкес кезеңдегімен салыстырғанда 188,7 тоннаға ет, 353,8 тоннаға сүт артық өндірілді.
Мал басы өз төлдері есебінен көбейту арқылы мүйізді ірі қара мал саны 87440 басқа, қой 529050 басқа, ешкі 12537 басқа, жылқы 20430 басқа, шошқа 1962 басқа, үй құстары 133677 басқа жетіп, өткен жылғы есепті мерзімдегімен салыстырғанда ірі қара мал 3144 басқа, қой 34836 басқа, жылқы 1272 басқа, шошқа 447 басқа көбейіп, ешкі 2297 басқа, үй құстары 6366 басқа кеміді.
Өнеркәсіп өндірісі. Аудан бойынша қаңтар-шілде айларында өнеркәсіп кәсіпорындарымен (шағын кәсіпорындар, қосалқы өндіріс және үй шаруашылықтарын қосқанда) 11608044 мың теңгенің өнеркәсіп өнімдері өндірілді. Өнеркәсіптік өндірістің индексі 2022 жылғы сәйкес кезеңге 100,5%-ды құрады.
Инвестиция және құрылыс. Аудан бойынша қаңтар-шілде айларында негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі 20465263 мың теңгені, ал орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 11412307 мың теңгені құрады.
Бөлшек сауда. Есепті мерзім ішінде ауданда бөлшек сауданың көлемі 20281906 мың теңгені құрап, оның ішінде азық-түлік тауарлары 5712242 мың теңгеге, азық-түлік емес тауарлары 14569659 мың теңгеге сатылды.