ҚАРТТАР ЕЛІМІЗДІҢ КӨРІКТІ ЖЕРЛЕРІН АРАЛАДЫ

0

Қордай ауданының бір топ ардагерлері 17-18 тамыз күндері Алматы облысының Көлсай көліне, Шарын шатқалына, Райымбек ауданындағы Мұқағали Мақатаевтың мемориалдық музейіне саяхат жасады. Табиғаттың таңғажайып көріністерін тамашалап, әр туристік орын жайлы қызықты ақпаратқа қанық болған олар уақытты көңілді өткізіп, естелік суретке де түсті.

Айта кетейік, бұл туристік сапарды аудандық ардагерлер кеңесі аудандық кәсіпкерлік бөлімінің туризмге бөлінген қаржысына мемлекеттік сатып алуға қатысып, жеңіп алды. Осылайша, аудандық ардагерлер кеңесі әр ауылдан қарттарды жинап, жалпы саны 16 ардагерді қыдыртып қайтты. Ардагерлердің арасында жасы 80-нен, 85-тен асқан көнекөз қариялар да болды. Алматы облысының Кеген, Райымбек аудандарында болған қордайлық саяхатшылар бір күндік сапардан ерекше әсер алып, рухани азықпен сусындап, таза ауамен тыныстап, бір сергіп қайтқандарына ризашылықтарын білдірді

Қордай аудандық ардагерлер кеңесі

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.