«АТА ЗАҢЫМ – АРДАҚТЫМ»

0

Қазақстан Республикасының Конституция күні –  ел болып мерекелейтін  ерекше мейрам. Конституция – мызғымас мемлекетіміздің  алтын қазығы, бірлігі мен  ынтымағы жарасқан  елдігіміздің  бұлжымас бағдары, кемел  келешегіміздің   кепілі. Қазіргі  таңда өсіп келе жатқан жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру жолында «Нұрсила –әже» бөбекжай — балабақшасы

аянбай еңбек етуде.

 

Конституция күніне орай «Нұрсила –әже»  бөбекжай-балабақшасының  тәрбие-ленушілерімен  «Ата заңым – ардақтым»  тақырыбында ертеңгілік өткізілді. Ертеңгіліктің мақсаты: тәрбиеленушілердің Отанға деген сүйіспеншілігін, патриоттық  сезімін ояту. Туымыз аспанда самғасын, қазақ елінің күні жарық, бейбіт заман болсын деген мақсатпен өткен тәрбиелік шара барысында балапандарымыз  тақпақ айтып, би билеп, көпшілікті қуантты. Шығармашылық  пен  зерттеу барысында тәрбиеленушілер гүлдің суретін салып, құтыдағы  суға бояу қосып тудың түсін шығарды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.