Биылғы қуаңшылықтан шығынға батқан шаруаларға өтемақы төлеу туралы арнайы қаулы да шықты. Алайда, осымен іс бітті, деп арқаны кеңге салуға болмайтыны анық. Келер жылы жағдай қалай болады, су тапшылығы тақырға отырғызып кетпес үшін нес істемек қажет? Бүгінгі таңда осы сұрақтар төңірегінде жүйелі жұмыстар қолға алыну қажет болып отыр.
Осыған дейін де аудан әкімі Бегзат Болатбеков шаруалармен кездесуі барысында биылғы жылы орын алған жағдайдың алын алу үшін аудан әкімдігі, су шарушалығы мен шаруалар болып бірлесе келесі жылы қандай дақылдар отырғызған тиімді, суармалы судан тарыққан жағдайда шығар амалдары мен жолдарын қарастыру бойынша өз ұсынысын айтқан болатын. Жақында тиын-терім толығымен басталады. Қазір соған дайындық қызған. Қазір қолда бар өнімді шашау шығармай жинап алу қажет.
Жоғарыда атап өткен мәселе аясында бүгін аудан басшысы Қырғыз елінен Қордай ауданына келетін каналдың жайын арнайы барып көрді. Георгивеский каналының оң және сол тармағына бөлінетін тұсқа барып, мамандармен жүздескен аудан басшысы келер жылы судан тарықпаудың алдын алуға қазірден қамдану үшін қандай шаралар қол алу қажет, каналды жөндеу және тазалау жұмыстары, суға төзімді дақылдарды алқаптарға орналастыру бойынша сөз қозғады. Өйткені, келер жылы биылғы жағдайдың қайталанбасына ешкім кепіл бола алмайды. Осыны ескерген Бегзат Сейсенқұлұлы жауапты мамандарға бірқатар тапсырмалар жүктеп, бұл мәселеге жақын күндері қайта оралатын болып шешті.