ЭКСТРЕМИЗМ МЕН ТЕРРОРИЗМНІҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

0

Дінді өздерінің саяси мақсаттарына қолданатын экстремистік және террористік ұйымдар мемлекеттің ішкі қауіпсіздігіне және қоғамдағы бейбітшілік пен тұрақтылыққа ерекше қауіп төндіреді. Дін мен оның құндылықтарын бетперде еткен жалған уағызшылар жаһандық деңгейде алауыздық пен өшпенділік туғызып, төзімсіздік пен қысым орнатуда.

Діни экстремизмнің басты сипаты – адамдарға ұстанатын сенімі бойынша   өшпендiлiк пен озбырлықты, соның iшiнде зорлық-зомбылықпен немесе күш қолдана отырып шақырумен байланысты қысым көрсету, сондай-ақ азаматтардың қауiпсiздiгiне, өмiрiне, денсаулығына, сеніміне немесе құқықтары мен бостандықтарына қатер төндiретiн кез келген дiни тәжірибені қолдану.

Діни экстремизм – діндегі шектен шыққан көзқарастар мен әрекеттерге берілгендік. Экстремизмнің қорқыту, үркіту, агрессиямен және шектен шыққан қаталдықпен сипатталатын белгілері көп.

Діни экстремизм мен терроризмнің әлеуметтік зияны мен қаупі: – қоғам мен мемлекетке аса ауыр психологиялық және материалдық шығын әкелуі, адам өмірін қиюы; – азаматтық өшпенділікті немесе алауыздықты тұтатуы, мемлекеттің конституциялық құрылымын өзгертуді және оның аумақтық тұтастығын бұзуды мақсат ететін бірқатар заңсыз қарулы құрылымдардың қызмет етуі.

Экстремистік ұйымдардың негізгі мақсатты аудиториясы – әлеуметтік, саяси, экономикалық және басқа факторлардың әсерінен берік идеологиялық көзқарасы қалыптаспаған жастар санаты (18-35 жас аралығы). Жастардың интернет арқылы радикалдануы жаһандық үдеріс, оның аясында әлеуметтік желілер зорлық-зомбылықты насихаттаудың, радикалды идеялардың таралуының стратегиялық құралы ретінде қолданылады.

Діни экстремизм мен терроризм қаупі туралы хабардар болу, дін саласындағы мәселелерді неғұрлым терең түсіну, экстремистік нарративтерге қарсы тұру, сыни ойлау дағдыларын қалыптастыру жастар арасында діни экстремизмнің алдын алу тәсілдерін енгізу кезінде ескеріледі. Жастар арасында діни экстремизмнің алдын алу мәселесі ең алдымен әр отбасының, қоғамның және мемлекеттің жауапкершілігі шеңберінде қарастырылады. Азаматтық қауымдастықтың мемлекеттік органдармен бұл бағытта бірлесе жұмыс атқаруы маңызды жетістіктерге жетуге мүмкіндік береді

 

Б.Әпілбек, Қордай ауданы  ТЖБ инженері,

           азаматтық қорғау лейтенанты

Leave A Reply

Your email address will not be published.