ТУРИЗМ САЛАСЫНДА КӘСІПКЕРЛІК СУБЪЕКТІЛЕРДІ СУБСИДИЯЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ

0

2022 жылғы 1 қаңтардан бастап кәсіпкерлік субъектілері шығындарының бір бөлігін субсидиялау қағидалары (ҚР Мәдениет және спорт министрінің бұйрықтарымен бекітілген) күшіне енді, оның шеңберінде туризм саласындағы 7 бағыт бойынша, атап айтқанда жол бойындағы сервис объектілерін, туристік қызмет объектілерін салу және реконструкциялау кезінде, туристік автомобиль көлік құралдарын және тау шаңғысы курорттарына арналған жабдықтар мен техника сатып алуға, әрбір шетелдік туристке, санитариялық-гигиеналық тораптарды күтіп-ұстауға және кәмелетке толмаған жолаушылар авиабилетіне ақы төлеуге жұмсалған шығындардың бір бөлігін өтеу бойынша мемлекеттік қолдау шараларын алуға болады. Оның ішінде мемлекеттік қолдаудың төрт шарасын жергілікті атқарушы органдар көрсетеді.

Олар: 1) кәсіпкерлік субъектілерінің санитариялық-гигиеналық тораптарды күтіп-ұстауға арналған шығындарының бір бөлігін субсидиялау (1 СГТ күтіп-ұстауға айына 83 300 теңге мөлшерінде, өтінімдер күнтізбелік жылдың бірінші жұмыс күнінен бастап 1 желтоқсанына дейін қабылданады);

2) туристік қызмет объектілерін салу, реконструкциялау кезінде кәсіпкерлік субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу (ұсынылған жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы бойынша сараптама қорытындысында көрсетілген туристік қызмет объектілерін салуға және (немесе) реконструкциялауға арналған шығындар құнының 10%, өтінімдер күнтізбелік жылдың 1 наурызына дейін қабылданады);

3) туристік қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілеріне сыйымдылығы жүргiзушiнiң орнын қоспағанда, сегiзден астам отыратын орны бар автомобиль көлік құралдарын сатып алу бойынша шығындардың бір бөлігін өтеу (автокөлік құралдары құнының 25%, өтінімдер күнтізбелік жылдың 1 наурызына дейінгі мерзімде қабылданады);

4) кәсіпкерлік субъектілерінің жол бойындағы сервис объектілерін салу бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу (ұсынылған жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы бойынша сараптама қорытындысында көрсетілген ЖБСО құрылысы құнының 10%, өтінімдер күнтізбелік жылдың 1 наурызына дейін қабылданады).

Сонымен қатар кәсіпкерлік субъектісі шығындардың бір бөлігінің өтемін алу үшін облыс әкімдігінің туризм басқармасына осы Қағидаларға сәйкес өтінім мен құжаттар топтамасын ұсынатындығын сіздердің назарларыңызға жеткіземіз (құжаттар қағаз немесе электрондық нысанда пошта арқылы не қолма-қол қабылданады)

 

Қордай ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі

Leave A Reply

Your email address will not be published.