Президент Жолдауында Қазақстанның экономикалық дамуының жаңа тың баспалдақтары, еліміздің бәсекелік артықшылықтарын тиімді пайдалануға және өндіріс саласындағы еңбек, капитал, ресурстар, технология сияқты негізгі факторлардың әлеуетін барынша ашуға негізделді. Мемлекет басшысы Жолдауында «Amanat» партиясының бастамаларына да нақты баға берілді.
«Менің 2019 жылы 500 мың азаматтың кепілсіз несиесін кешіру туралы шешімім және жақында қабылданған жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң мәселені біршама реттеді. Бірақ ахуалды біржола түзеу үшін жаңадан жүйелі шаралар қабылдау қажет. Сонымен қатар азаматтардың қаржы сауатын арттыру өте маңызды. Бұл ретте «Amanat» партиясының «Қарызсыз қоғам» жобасын ерекше атап өту қажет. Соның арқасында еліміздің 8 аймағында 20 мыңнан астам адам қаржылық сауатын арттырды. Олардың көпшілігі – 10 және одан да көп несие алған адамдар. Бұл жоба аз уақытта өзінің тиімділігін көрсетті. Үкіметке «Amanat» партиясымен бірлесіп, оның ауқымын кеңейтуді тапсырамын. «Қарызсыз қоғам» жобасының игілігін бүкіл еліміз көруі қажет», — деді Президент.
Сонымен қатар Мемелекет басшысы Жолдауында Транспорт, инфрақұрылымдарды дамыту ел байлығының қайнар көзі болмақ, құрылыс пен тұрғын үйді дамыту, қаржы секторын қайта құрап озық үлгімен алмастыру, адам капиталының жаңа сапасын, мемлекеттік басқарудың тиімділігін, әділеттілігін жетілдіру, Заң үстемдігін жоғары деңгейге көтеру, жемқорлық тағы басқа зиянды құбылыстармен аяусыз күрес жүргізу, жаңа технологияларды енгізу мәселелеріне айрықша мән берілген.
Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған мәселелер мен ұсынылған бастамалар халыққа, қоғамға және мемлекеттің дамуы мен өркендеуі үшін аса қажетті дүние деп білемін.
Бейқұт Жамангозов, «Amanat» партиясы Қордай аудандық филиалы төрағасы