ҚОРДАЙЫМ АСЫЛ ӘНІМ

0

Туған жерім сүйіп өстім жасымнан,

Өлең оқып тауың менен тасыңнан.

Топырағыңнан сіңген өнер болғасын,

Қордайым деп шырқап келем асыл ән.

 

Жастайымнан қиялыма гүл еккен,

Қордай жері киелі едің сен неткен.

Қызғалдақтай үлбіреген кезімнен,

Мен өзіңді әнге қосып жыр еткем.

 

Ыстық маған жусаның мен бетегең,

Байрағыңды көкке биік көтерем.

Сенде туған Ноғайбай мен Кебекбай,

Сенде туған Жолбарыс пен Өтеген.

 

Қасиетің бар құрметтеп ел ұққандай,

Өсиетің бар жарқырап күн шыққандай.

Сенде туған Кенен, Балжан, Рзалар,

Сенде туған Нығымет пен Мұхтарбай,

 

Сені аңсаймын шыға қалсам жыраққа,

Балап өтем шырайланған шыраққа.

Туған жерін сазға бөлеп тербеген,

Сенде туған Өмірбек пен Мұрат та

 

Туған жерім қандай көркем, кең едің,

Мен өзіңді Әз Анаға теңедім.

Тек асылдың сынықтарын тудырған,

Сен не деген алтын құрсақ жер едің.

 

Анаркүл Ыдырысқызы,

зейнеткер, ардагер ұстаз

Leave A Reply

Your email address will not be published.