ЖАС ӨРЕНДЕР ЖЕҢІСІ

0

Жақында Өзбекстанда ММА бойынша ашық турнир өтіп, соған арнайы қатысқан қордайлық өрендер жеңіс туын желбіретіп қайтты. «Қордай-Батыр» спорт клубының жас спортшылары ел намысын абыроймен қорғай білді.

 

Осыған дейін талай байрақты бәсекелерде мол тәжірибе жинап, білікті жаттықтырушылардан тәлім алып жүрген жас жекпе-жек шеберлері осы жолы да жеңістің биік тұғырына көтерілді. 5 мемлекеттің мықтылары қатысқан турнирде кіл мықтылар бақ сынағанын да айта кеткен жөн. Жалпы турнирге қатысқан қордайлық 7 спортшының  5-уі бірінші орынды иеленді. Мәселен, Артем Вагутин, Қайсар Мақсет, Мирас Орманбек, Амир Бақберген және Александр Никулай жеңімпаз атанып, турнирдің арнайы белбеуін тағынса, Мұхамед Ұқтанбек пен Нұрислам Сембай жүлделі екінші орынды жеңіп алды. Барлығы аудан орталығындағы №1 Қонаев атындағы мектеп-гимназиясы мен №4 Б.Бөлтірікова атындағы мектеп-лицейінің оқушылары.

Белгілі жаттықтырушы Қайрат Катчибаевтың жетекшілігімен талай белестерді бағындырып жүрген жас спортшылар демеушілік көрсеткен Асқар Жұмабаевқа және ата-аналарға алғысын білдіруде. Жаттықтырушылар Зафар Турдиев, Қазбек Орманбек және Алишер Орманбектен аралас жекпе-жектің қыр-сырын үйреніп жүрген қордайлық жас батырлардың алар асуы әлі алда деп сенеміз.

Leave A Reply

Your email address will not be published.