Қордайлық боксшы Асқат Жантұрсынов кәсіпқой рингте кезекті нокауттық жеңісіне қол жеткізді!
Ақтөбе қаласында өткен кәсіпқой бокс кешінде жерлесіміз, Қордайдың тумасы Асқат Жантұрсынов (12-1, 11 КО) кезекті жарқын жеңісін тойлады.
Бірінші ауыр салмақта өнер көрсететін ол бұл жекпе-жекте Өзбекстан өкілі Абдулазиз Матазимовпен (15-19, 7 КО) шаршы алаңға шыққан болатын. Алты раундқа жоспарланған бәсеке белгіленген уақыттан бұрын аяқталды.
Кездесудің екінші раундында Асқат қарсыласын
екі рет нокдаунға түсіріп, толық үстемдік орнатты. Ал үшінші раундта жойқын соққысымен жекпе-
жекті мерзімінен бұрын нокаутпен аяқтады.
Бұл жеңіс қордайлық боксшының кәсіпқой манбасындағы 12-ші жеңісі (11-ін нокаутпен аяқтаған) ретінде тіркелді.
Жерлесіміз Асқат Жантұрсыновты жарқын жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! Ел намысын биіктен көрсетер асулары көп болсын.