Біліктілікті арттыру бұдан бұрын алынған кәсіби білімді тереңдетеді, мұғалімнің сапалық, іскерлік қасиеттерін жетілдіреді және мұғалімнің шығармашылық бағытта өзін-өзі шыңдауына ықпал етеді. Осы орайда Қордай ауданында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы «Жамбыл облысы бойынша кәсіби даму институтының ұйымдастыруымен «Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» пәні педагогтерінің базалық және пәндік құзыреттіліктерін дамыту» (5–9 сынып) тақырыбында біліктілікті арттыру курсы өтті. Курс аясында тренеріміз Аманова Гүлхан Сабырханқызы “Қазақ тілі” мен “Қазақ әдебиеті” пәнін оқытудың өзекті мәселелері, PISA халықаралық зерттеулеріне сәйкес оқу сауаттылығын дамытудың маңызы, тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым дағдыларының әдіс-тәсілдері, мәтін лингвистикасы, әдеби тіл нормасы, шешендік сөздер дискурсы, көркем шығарма және әдеби сын, «Lesson Study» технологиясының негіздері жайлы толықтай теориялық мәліметтер берді. Курс тыңдаушылары осы өтілген тақырыптарды меңгеру үстінде топтық, жұптық, жеке жұмыстар жасады. Әр күнгі сабақ бір-біріне ұқсамайтын қызықты, әрі тамаша үйлесімге толы жағдайда өтті. Аталған біліктілікті арттыру курсы жаңашылдығымен қазіргі заман талабына сай бәсекеге қабілетті, қарқынмен дамып келе жатқан қоғамда кәсіби құзыретті маман болып қалыптасуымызға негіз болуымен қатар, ұлттық құндылықты дамытуға баса көңіл бөлетін шығармашыл тұлға тәрбиелеуге бағыт беріп, кәсіби шеберлігімізді шыңдай түсті.
Емберген Қымбат
№23 Т.Рысқұлов атындағы
ОМ мұғалімі, курс тыңдаушысы