ЖАРҚЫН БАСТАМАЛАРҒА ЖОЛ АШҚАН ЖОБА

0

Үй іргесіндегі жерді тиімді пайдалану және де ауыл тұрғындарына мал санын көбейтуге жәрдемдесу. Соңғы уақытта бұл жайлы көп әңгіме қозғалып жүр. Қарапайым ауыл тұрғындарының әл ауқатын жақсартып, табысын көбейтуге бағытталған жобалар өзінің тиімділігін дәлелдеп келеді. Мәселен, жақында ғана басталған «Ауыл аманаты» жобасының арқасында ауданымыздың бірнеше ауылдық округінде тындырымды істер басталып кетті. Жоба бойынша Қарасу, Кенен және Қаракемер ауылдық округтерінің тұрғындарына 5 бағыт бойынша жеңілдетілген несие беріп, табыс табуға мүмкіндіктер қарастырылған.

Қарасу ауылдық округінде «Ауыл аманаты» жобасы аясында 555,4 млн теңгеге 69 ауыл тұрғынына жеңілдетілген несие беру жоспарланған болатын. Бүгінгі күнде 45 азамат несие алып үлгерген, соның бірі – Алпысхан Айтмұхамбетов. Тілшілермен сұхбат барысында шаруа жеңілдетілген несие арқылы әл ауқатының айтарлықтай жақсарғанын айтып берді.

— Бұл жобаның тиімділігі сол, біз сияқты қарапайым тұрғынға мал шаруашылығымен айналысуға мүмкіндік береді. Өз басым 8 млн теңге қаражат алдым. Құжаттарды рәсімдеуге әкімдік өкілдері жәрдемдесті. 28 бас ірі қара алып, шем-шөбімен де қамдандым. Бір жасар бұқаларды 6 ай бордақылаймыз, кейіннен сойып, етке өткіземіз. Әрине, жұмыс оңай емес. Бірақ ауылда жүріп, табыс тауып жүргеніме шүкір. Малға қарауға немерелерім көмектеседі. Ең бастысы несие шарттары ұнады. 2,5 пайыз, бір жыл демалыс беріледі, осының барлығы кәдімгідей көмек, — дейді Алпысхан Айтмұхамбетов

Leave A Reply

Your email address will not be published.