«ҚУАТТЫ ӨҢІРЛЕР – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ ДРАЙВЕРІ»: Ұлттық жоба аясында қолға алынған жұмыстар

0

Ауылды жерлердегі өзекті мәселелерді шешуді көздейтін «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» атты ұлттық жоба біздің ауданымызда да іске асуда. Ең қажетті инфрақұрылымдық мәселелерді шешуге қомақты қаржы бөлінетін жоба аясында жергілікті жолдарды жөндеу де көзделіпті.

Аталған жоба аясында Қордай ауданында 2 нысанды іске асыру жоспарланған. Оның ішінде Ноғайбай ауылына кіреберіс автомобиль жолының 0-11 шақырымын орташа жөндеу жұмыстары бар. Ауыл тұрғындарының өзекті мәселесіне айналған екіаралық жолдың құрылысына былтырғы жылы 50,0 млн. теңге бөлініп, 2 шқ жол жасалған. Ағымдағы жылға ұлттық жоба аясында  қаржы қарастырылып 4,5 шқ жасалып, қалған 4,5 шқ 2024 жылға өтпелі кезеңмен қалдырылды.

Екінші жоба  «Қаракемер-Еңбек-Қарасай» жолдарын орташа жөндеу жұмыстары.  Бүгінгі күнге бюджеттен  тиісті қаражат бөлініп, жұмыстар жүргізілуде.  Қазіргі таңда  8,8 шақырым жолынан 5 шақырымы жасалынып, қалған 3,8 шақырым жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда.

Осылайша 2023 жылдың соңына дейін жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы аудандық маңызы бар автожолдар үлесі жоспар 94,1%-ға жетеді деп жоспарлануда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.