Қордай ауданында халықпен ашық диалог орнату және тұрғындардың өтініш-тілектерін тыңдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы – азаматтардың талап-тілектеріне құлақ асып, олардың мәселелерін заң аясында шешуге бағытталған маңызды қағидаттардың бірі.
Бұл бағыттағы жұмыстар мемлекеттік органдар мен халық арасындағы байланысты нығайтып, тұрғындардың өзекті мәселелерін уақытылы қарастыруға мүмкіндік береді. Осы мақсатта Қордай ауданы әкімдігінде аудан әкімінің орынбасары Жұлдызбек Бақаевтың қатысуымен тұрғындарды жеке қабылдау өтті.
ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТАЛАП ТІЛЕКТЕРІ ТЫҢДАЛДЫ
Prev Post
Next Post