КӨК ТУЫМЫЗ КӨКТЕ ЖЕЛБІРЕДІ

0

25 қазан – Республика күніне орай аудан орталығындағы алаңда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын көтеруге арналған салтанатты рәсім өтті. Еліміздің егемендігі мен мемлекеттілігін айшықтайтын ұлттық мерекеге арналған тағылымды шараға аудан тұрғындары, ардагерлер, жастар және білім беру саласының өкілдері қатысып, елдік пен бірліктің, тәуелсіздік пен отансүйгіштіктің мәнін терең сезінді.
Республика күні – халқымыздың тарихындағы орны ерекше, елдігімізді айқындап, тәуелсіздік жолындағы маңызды қадамдарды еске салатын қастерлі мереке. Бұл күн – мемлекетіміздің қалыптасу тарихына тағзым етіп, азаттықтың қадірін бағалайтын, ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, болашаққа деген сенімімізді нығайтатын маңызды дата. Салтанатты рәсім барысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы көкке көтеріліп, Мемлекеттік Әнұран орындалды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.