2024 ЖЫЛҒЫ ТҮЛЕКТЕР ЖӘНЕ КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІНІҢ НАЗАРЫНА

0

ҚР ТЖМ М.Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясына 2024 жылғы түлектерді оқуға қабылдайды

Қордай ауданының Төтенше жағдайлар бөлімімен 2023-2024 оқу жылында ҚР ТЖМ М.Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясына үміткерлерді дайындау мақсатында аудандағы жалпы орта білім беретін мектебі және мектеп-гимназиясына үгіт-насихат жұмыстары жүргізілуде. ҚР ТЖМ М.Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар Министрлігінің бөлімшелері үшін жоғары білімді мамандар дайындауды жүзеге асырады. Академияға ҰБТ-ді табысты тапсырған орта білімді (2024 жылғы мектеп түлектері) немесе орта кәсіптік білімі бар, денсаулығы бойынша әскери қызметке және оқуға жарамды Қазақстан Республикасының азаматтары қабылданады.

ҚР ТЖМ М.Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясына іріктеуден үздік өткендер Ресей және Беларусь Республикасы ТЖМ бейімді жоғары оқу орындарына түсуіне мүмкіндігі бар. Академия түлектеріне азаматтық қорғау лейтенанты арнайы атағы беріледі, ЖОО бітіргеннен кейін Қазақстан Республикасы ТЖ Министрлігінің барлық аумақтық бөлімшелеріндегі жұмыс орынымен қамтамасыз етіледі. Оқу мерзімі ҚР Қарулы күштер қатарындағы қызмет ретінде есептеледі.

Академияға қабылдау ҚР Білім және Ғылым  Министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы дайындаған технология бойынша өткізілген ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысы негізінде берілген сертификат балына сәйкес жүргізіледі.

Бұрынғы орта білім алған түлектерге бастауыш және орта кәсіптік білім беретін оқу орындары түлектерімен кешенді тестілеу, академияның өзінде өткізіледі.

ҰБТ төмендегі пәндер бойынша өткізіледі:

— Математика-салалық және Физика;

— Үміткерлерге қойылатын талаптар: жақсы үлгерім, дұрыс-оң мінездеме, әскери қызметке жарамдылығы, бойы -170 см-ден кем болмауы, математика және физика пәндерінен жылдыққа шығарылған бағасы 4-тен кем болмауы шарт.

Оқуға үміткерлер ҚР ТЖМ М.Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясы әскери-дәрігерлік комиссиясы арнайы ұйымдастырған қосымша медициналық және психофизиологиялық куәландырудан өтеді және дене тәрбиесі дайындығынан саралап жіктеу сынағын тапсырады.

 

Түсу шарттары

Күндізгі оқу түрі бойынша академияға қабылданады

Қазақстан Республикасының азаматтары;

-орта білімі барлар;

-он алты жасқа толғандар;

-денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамды.

 

Академияға қабылдау медициналық, физикалық және психофизиологиялық көрсеткіштер бойынша іріктеу нәтижелерін ескере отырып, ҰБТ сертификатының балдарына сәйкес конкурс бойынша жүргізіледі.

Азаматтарды күндізгі оқуға қабылдау 4 кезеңде жүзеге асырылады:

  1. Қабылдау комиссиясы канди-даттардың оқу істерін қарауды жүзеге асырады
  2. Денсаулық жағдайы бойынша оқуға түсуге жарамдылығын анықтау мақсатында медициналық және психофизиологиялық көрсеткіштер бойынша іріктеу
  3. Бекітілген нормативтерге сәйкес дене шынықтыру дайындығы бойынша сынақ тапсыру
  4. Конкурстық іріктеу және академия курсанттары қатарына қабылдау, сондай-ақ шетелдік бейіндік оқу орындарына түсу үшін іріктеу.

 

Қабылдау комиссиясының болжамды жұмыс мерзімі

Қаңтар-мамыр айлары-облыстардың, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының ТЖ департаменті және Қазақстан Республикасы ТЖМ Әскери бөлімдері оқуға түсуге кандидаттардың құжаттарын қабылдайды (оқуға кандидаттар қызметке жарамдылығын анықтау үшін медициналық және психологиялық куәландырудан, оның ішінде полиграфиялық зерттеуден, сондай-ақ міндетті арнайы даярлықтан өтеді).;

30 маусым-оқуға үміткерлердің ҰБТ сертификаттарымен Академияға келуі;

1-13 шілде-әскери-дәрігерлік комиссиядан өту;

7-15 шілде — дене шынықтыру даярлығы бойынша сынақ тапсыру;

16-17 шілде — күндізгі оқу бөліміне қабылдау.

 

Академияда оқу шарттары

Курсанттарды оқыту республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Курсанттар оқудың барлық кезеңінде тегін киім-кешекпен, тамақпен және мемлекеттік стипендиямен қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ курсанттарға каникулдық демалыс кезеңінде жол жүру ақысы төленеді.

Академияда күндізгі оқудың толық курсын, атап айтқанда – 4 жыл бітірген адамдар үшін оқу уақыты мерзімді әскери қызметті өткерумен теңестіріледі.

Академияға түсуге ниет білдірген азаматтар тұрғылықты жері бойынша аумақтық Төтенше жағдайлар департаменттерінің кадр саясаты бөлімшелеріне өтініш (еркін нысанда) береді.

Толығырақ ақпарат алу үшін Қордай аудандық ТЖ бөліміне келіңіздер. Мекен-жайымыз: Қордай ауылы Домалақ ана көшесі №247

Жұмыс телефоны: 8(726-36) 4-20-15

Қордай ауданының төтенше жағдайлар бөлімі

Leave A Reply

Your email address will not be published.