ӨРТ ГИДРАНТТАРЫНЫҢ ЖҰМЫСҚА ЖАРАМДЫЛЫҒЫНА ТЕКСЕРУ ЖҮРГІЗІЛДІ

0

Жамбыл облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің бөлімшелерімен жылына 2 рет, яғни көктем және күз мезгілдерінде облыстағы өрт гидранттарының жағдайы, жұмысқа жарамдылығы тексеріледі. Себебі, өрт оқиғасы туындағанда от жауынгерлеріне ең қажетті құрал – өрт гидранты болып табылады.  Жалпы Жамбыл облысы бойынша 8505 дана өрт гидранты бар және оның 2130 данасы жарамсыз болып табылады. Сондай-ақ, 147 су қоймалары бар және оның 43-і жарамсыз жағдайда. Ол жөнінде ТЖ департаменті арқылы жауапты мекемелерге хат жолданып, қазіргі уақытта шешімі күтілуде.

Осыған орай, 2023 жылдың 30 қарашасында Тараз қаласы №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлерімен Тараз қаласындағы Ақмолда батыр, Народная, Герой октября көшелеріндегі өрт гидранттарына тексеру, түзету жұмыстары жүргізілді.

Ал Тараз қаласы №20 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлерімен Шайқорық станциясындағы Деповская көшесінде орналасқан және өзге жерлерде орналасқан өрт гидранттарының саны мен сапасы тексеріліп, электр бағандары мен ғимарат қабырғаларындағы нұсқау белгілері жаңартылды. Дәл осындай бағыттағы жұмыстар облыс және қаланың өзге өрт сөндіру бөлімдерінің қызметкерлерімен бұған дейін жүргізілген болатын.

Жамбыл облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.