Мереке қарсаңында қоғамдық орындардағы қауіпсіздік мәселесіне тәртіп сақшылары аса мән беретіні сөзсіз. Осыған байланысты түрлі профилактикалық шаралар қолға алынады. Мәселен, Қордай аудандық полиция бөлімі 25-27 желтоқсан күндері аралығында «Жасөспірім» профилактикалық іс-шарасы бойынша рейдттік жұмыстар ұйымдастырды. Шараға аудан әкімдігінің, білім бөлімі, «Жастар ресурстық орталығы», аудандық орталық аурухана қызметкерлері қатысып, түн кезген өспірімдердің жолын кесіп, оның алдын алу бойынша бірлескен жұмыстар жүргізді.