«ҰЛТТЫҚ ҚОР-БАЛАЛАРҒА» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА EGOV MOBILE ДЕРЕКТЕРІН КӨРСЕТУГЕ ҚАТЫСТЫ ЖИІ ҚОЙЫЛАТЫН СҰРАҚТАРҒА ЖАУАПТАР

0

Egov mobile мобильді қосымшасында «Отбасы» бөлімі қайда жоғалып кетті?», «Балалар туралы деректердің қате көрсетілуін қалай түзетуге болады?», «Ұлттық қордан төлемдерді алу үшін баланың деректерін қай күнге дейін қосуға болады?», «Жеке кабинетте балалар туралы деректер болмаса не істеу керек?» деген сұрақтар бойынша түсініктемелер берілді.

Egov mobile мобильді қосымшасында «Отбасы» бөлімін таба алмай жатырмын, не істеу керек?

— eGov mobile-дағы «Отбасы» бөлімі азаматтарға ыңғайлы болу үшін алынып тасталды және қазір барлық деректерді eGov mobile-дағы «Цифрлық құжаттар» бөлімінен көруге болады. «Цифрлық құжаттар» бөлімі «Менің құжаттарым», «Отбасы» және «Басқа құжаттар» сияқты бөлімдерге бөлінген.

Егер eGov mobile мобильді қосымшасы балалардың қате деректерін көрсетсе не істеу керек?

— Қате анықталған цифрлық құжатты ашыңыз.

Жоғарғы оң жақ бұрышта орналасқан батырманы басыңыз.

«Қате туралы хабарлау»тармағын таңдаңыз.

«Балалар туралы ақпаратты жаңарту» қызметіне өтіп, онда барлық қажетті жолдарды толтырып, туу туралы куәлікті тіркеп, өтінішке қол қою керек. Өтінім 2-ден 5 жұмыс күнінде өңделеді.

Егер баланың деректері egov mobile мобильді қосымшасында болмаса, ұлттық қордан балаға төлемдер алу үшін баланы қай күнге дейін қосу керек?

— еGov mobile мобильді қосымшасында бала туралы деректердің болмауы Ұлттық қордан төлем алуға әсер етпейді. Сіз өзіңізге ыңғайлы кез келген уақытта деректерді түзетуге өтініш бере аласыз.

eGov.kz порталында жеке кабинетте балалардың деректері жоғалып кетті, не істеу керек?

— Балалар туралы деректерді eGov mobile мобильді қосымшасының «Цифрлық құжаттар» бөлімінде тексеру қажет. Бұл бір көзден ақпарат беру арқылы пайдаланушыларға ыңғайлы болу үшін жасалған.

Егер eGov mobile мобильді қосымшасында балалар туралы мәліметтер көрсетілмесе не істеу қажет?

— Цифрлық құжаттарда «Отбасы» бөлімінде «Баланы қосу» батырмасын басыңыз, содан кейін «Балалар туралы ақпаратты жаңарту» қызметі пайда болады, онда барлық қажетті жолдарды толтырып, туу туралы куәлікті тіркеп, өтінішке қол қою керек. Өтінім 2-ден 5 жұмыс күніне дейін өңделеді.

Егер eGov mobile мобильді қосымшасы болмаса, балалар туралы деректерді қайдан көруге болады?

— Балаларыңыз туралы ақпаратты танымал банктер қосымшалардағы «Цифрлық құжаттар» бөлімінен көруге болады. Дегенмен, eGov mobile мобильді қосымшасын жүктеп, тіркелуді ұсынамыз, бұл оңай және жылдам.

egov.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.