ОҚУ ОРНЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

0

Дүйсенбі күні аудан әкімінің орынбасары Дамира Сүгірбай аудан жастарына техникалық және кәсіптік білім беретін №7 Бетқайнар колледжіне барып, оқу орнының материалдық-техникалық базасын көріп, білімгерлермен кездесті.

500-ден астам студент оқитын білім мекемесіне ағымдағы жылы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жатақхана толықтай жаңартылды.

Колледжде «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу», бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығына қызығушылық танытып отырған жастар саны артып келеді, сондықтан да тігін цехы да заманауи құрылғылармен жабдықталған.

Келесі кезекте аудан әкімінің орынбасары студенттермен кездесу өткізді. Кездесу барысында жастардың құқықтық мәдениетті қалыптастыру мақсатында жастар арасында кеңінен тараған заң бұзушылықтың, қылмыстың ахуалына мысалдар келтірілді және қылмыс істегені үшін жауапкершіліктердің түрлері түсіндірілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.