ЖАС СПОРТШЫЛАР ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ

0

26-28 қаңтар күндері Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында жасөспірімдер арасында ММА бойынша ашық чемпионат өткен болатын. Аталмыш байрақты бәсекеге қатысқан қордайлық «Қордай батыр» спорт клубының спортшылары жасындай жарқырап, жеңіс тұғырынан көрінді.

550 спортшының басын құрған чемпионатта 30 кг салмақта жекпе-жек өткізген Амир Бақберген І орынға ие болса, сол салмақта өнер көрсеткен Артем Вакутин ІІ орынды қанжығаға байлады. Ал, 45+ кг салмақта Асанәлі Әлімқұлов жүлделі ІІІ орынды жеңіп алды.

Жаттықтырушы Қайрат Катчибеков, Қазбек және Алишер Орманбектен тәлім алатын жас спортшылардың алар асуы әлі алда деп білеміз. Өз кезегінде жаттықтырушылар балалардың тыңғылықты дайындалуына көмек көрсетіп, спорт залын ұсынған №51 орта мектеп басшылығына, демеушілік көрсеткен Асқар Жұмабаевқа және балалардың ата-аналарына алғыстарын білдіруде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.