«КӨРНЕКІ АҚПАРАТ ПЕН СЫРТҚЫ ЖАРНАМАҒА САУАТТЫЛЫҚ»

0

Аудандағы көрнекі ақпарат және жарнама мәтіндерін ретке келтіру мақсатында «Көрнекі ақпарат пен сыртқы жарнамаға сауаттылық!» атты зерделеу және түсіндіру шаралары жүруде.

Мақсаты – Қазақстан Республикасындағы «Тіл туралы» Заң талаптарын түсіндіру.

Аталған шара аясында Қордай ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас мамандары Г.Досалиева мен Г.Сатқали Масаншы және Сортөбе ауылдарында орналасқан мейрамханалар, сау-да үйлері мен басқа да тұрмыстық қызмет көрсету орындарына зерделеу жұмыстарын жүргізді.

Барлық нысан иелеріне Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Заңының тиісті баптары түсіндіріліп, үлгі ретінде ақпараттық парақшалар таратылды.

Бұл бағыттағы жұмыс тұрақты бақылауда және барлық ауылдарда жалғасын табады.

Айта кетейік, «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» ҚР Заңының 21-бабына сәйкес, маңдайшалар, хабарландырулар, жарнамалар, прейскуранттар, баға көрсеткiштерi, ас мәзірлері, басқа да көрнекi ақпарат мемлекеттiк тiлде және орыс тiлiнде, ал қажет болған жағдайда басқа да тiлдерде жазылады.

Көрнекi ақпараттың барлық мәтiнi мынадай ретпен: мемлекеттiк тiлде – сол жағына немесе жоғарғы жағына, орыс тiлiнде оң жағына немесе төменгi жағына орналасады, бiрдей өлшемдегi әрiптермен жазылады. Қажеттiгiне қарай көрнекi ақпараттың мәтiндерi қосымша басқа да тiлдерге аударылуы мүмкiн. Бұл жағдайда қарiп өлшемi нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленген талаптардан аспауға тиiс.

Leave A Reply

Your email address will not be published.