ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢНАМА ТАЛАПТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

0

7 ақпан күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында Қордай ауданындағы жұмыс берушілер арасында  жұмыспен қамту саласындағы Заңнама талаптарын түсіндіру бойынша  дөңгелек үстел өтті.

Аудан әкімінің орынбасары Д.Сүгірбайдың төрағалығымен өткен жиынға «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Қордай аудандық орталық ауруханасы, ветеринариялық қызмет, аудан әкімдігінің бірқатар бөлімдері және ауылдық округ әкімдіктерінің салаға жауапты мамандары қатысты.

Дөңгелек үстелдің күн тәртібіне төрт мәселе шығарылып, оның біріншісі бойынша Қордай аудандық «Мансап орталығының» бөлім басшысы С.Арданов сөз алды.  Бөлім басшысы Қазақстан Республикасының Әлеуметтік Кодексінің 103-бабы — Жұмыс берушілердің халықты жұмыспен қамтуға қатысуы туралы баяндама жасап, enbek.kz электронды еңбек биржасы туралы кеңінен ақпарат берді.

Келесі кезекте Қордай ауданы бойынша «Мансап орталығының» бөлім басшысы А.Райымбекованың субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру тәртібі туралы баяндамасы тыңдалды. Хабарламашы «Алғашқы жұмыс орны», «Жастар практикасы», «Күміс жас», «Әлеуметтік жұмыс орындары», «Ұрпақтар келісімшарты» сынды жұмыссыз азаматтарды қолдау мақсатында мемлекеттен субсидияланатын жұмыс орындарының шарттарына жекелей тоқталып өтті.

Күн тәртібіндегі үшінші сұрақ бойынша Қордай аудандық «Мансап орталығының» бөлім басшысы Д.Күзербаев білім беру ұйымдарында кәсіптік оқытуды және жұмыс берушілердегі жұмыс орнында кәсіптік оқытуды ұйымдастыру туралы баяндама жасап, жұмыс берушілер тарапынан түскен сауалдарға жауап берді. Осыдан кейін Қордай ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының м.а. Л.Минискулованың HR электрондық еңбек шарттарын құру және Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру тақырыбындағы хабарламасы тыңдалды.

Дөңгелек үстелді қорытындылаған аудан әкімінің орынбасары Дамира Маратқызы сала бойынша жұмысты жандандыру, ауылдық округтерде түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажеттігін атап өтті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.