Сұрақ-жауап кеші

0

Гвардейск гарнизонында 30212 әскери бөлімінің әскери қызметшілердің отбасы құрамымен «Сұрақ-жауап кеші» карантиндік шараларды сақтаумен өткізілді.

Іс-шара бөлім командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары ұлан подполковнигі Болат Койшиннің бөлім командирі ұлан полковнигі Алмас Доспаевты және барлық лауазымды тұлғаларды таныстыруымен басталды.

Алғаш бөлімнің отбасы құрамымен жұмыс қызметі бастығының міндетін уақытша атқарушы ұлан аға сержанты Шолпан Катешова мемлекеттің ірге тасы- отбасы туралы, отбасындағы тәлім-тәрбие, отбасы құндылықтары туралы сөз қозғап, қысқаша бейне фильмдер көрсетілді.

Бөлімнің аға офицер-психологы ұлан майоры Матлюба Рахимова қазіргі таңдағы басты мәселелердің бірі құмар ойынға әуес адамдарды қалай анықтау, олармен қандай жұмыс атқару, отбасында осындай жағдайлар туындаған сәтте қалай әрекет ету керектігі туралы, ең бастысы, құмар ойынға патологиялық қызығушылығы бар әскери қызметшілердің енді әскери қызметке жарамдылық санатын айқындау үшін медициналық куәландыруға жататынын айтып өтті. Сонымен қатар бөлім әскери қызметшілері мен олардың отбасы құрамы арасында экстремизм мен терроризмге жол бермеу мақсатында Қазақстан Республикасының терроризмге қарсы іс-әрекет штабымен жасалған жадынама талаптарын жеткізілсе, медициналық пунктінің бастығы медицина қызметінің аға лейтенанты Елнұр Рақымжанов ішімдіктің адам ағзасына келтірер зияны мен оның салдары туралы, ал заң қызметінің аға офицері лейтенант Еламан Омарқұлов қызметке ішімдік немесе есірткі заттарын қабылдап келген әскери қызметшілерге қолданылатын шаралар туралы, бөлімнің автоәуесқойлар ұйымының төрағасы ұлан майоры Абдуғани Орынбаев «Рөлдегі маскүнем-қылмыскер» тарыпында баяндама жасады. Мұндай тақырыптардың таңдалуы да бекер емес, өйткені бұл қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің бірі болып табылады.

Кезек біздің әскери қызметшілердің отбасындағы жағдаймен танысу, олардың көкейкесті мәселелерін тыңдауға да келіп жетті. Бөлім басшылығы сұрақтарға барынша ашық, түсінікті жауап беріп, шеше алмайтын мәселелер бойынша құзырлы органдарға өтініш, тапсырыс жолдайтыны туралы жеткізді.

Кеш соңында танк әскерлерінің кіші мамандарын даярлау әскери мектебінің психологы ҚР ҚК қызметкері Назира Кемелова көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтын психологиялық тренингтер өткізді.

Мұндай іс-шаралардың бөлім басшылығы мен отбасы құрамы арасында жақсы қарым-қатынастың пайда болуында, әскер туралы дұрыс көзқарас қалыптаструда атқарар рөлі зор.

«Үйлену оңай, үй болу қиын» деп айтып кеткен ата-бабамыздың нақыл сөзін тілге тиек еткім келеді. Отбасы – адам баласының өсіп-өнер, қанат жайып түлеп ұшатын ұясы. «Отан отбасынан басталатынын» ұмытпайық, қарулас достар!

 

30212 әскери бөлімі

ұлан капитаны Гүлназира Самашова

Leave A Reply

Your email address will not be published.