ММА-де үздік атанған

0

Жақында Алматы қаласында «MMA Free Fighting»  бойынша Азия чемпионаты мен біріншілігі өткен болатын. Оған 800-ден астам спортшылар қатысты. Ал біздің ауданнан «ZHALGAS TOP TEAM» клубының атынан екі спортшы қатысып, екеуі де бірінші орынды иеленді.

Атап айтар болсақ, Нұрайлым Сүннетулла мен Әсемай Төлен дүбірлі додада алдына жан салмай біріншілікті иеленді.

Нұрайлымға алматылық балуанға қарсы ақтық жекпе-жек оңайға соқпады. Қарсыласы үш жас үлкен, салмағы төрт келіге артық болды, соған қарамастан тартысты белдесуде Нұрайлым қарсыласын тұншықтыру әдісімен жеңді. Ал Әсемай барлық жекпе-жектерді мерзімінен бұрын аяқтады: бірінші жекпе-жегін тұншықтырумен, екіншісін ауыр соққы әдісімен жеңіп, оған тең келер ешкім болмады. Қордайлық қос боксшы да Азия чемпиондық белбеуін жеңіп алды. Жеңімпаздардың бапкерлері – Кеңесхан Жалғас және Наметов Ермек.

Айта кетейік, Free Fighting техникасы минималды шектеулері бар жекпе-жек түрі. Мұнда балуан қарсыласын қолмен, аяқпен соққы беру, ұстап алу және лақтыру, ауыртпалық және тұншықтыру әдістері арқылы жыға алады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.