АРДАГЕР СПОРТШЫ олжамен оралды

0

Жуырда Түркістан қаласында самбо күресінен спорт шеберлері арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.

Чемпионатта 17 облыс пен 3 қаладан 200-ден астам ардагер спортшылар өз бақтарын сынады.

Аталған чемпионатта самбо күресінен Қордай ауданы, Отар ауылының азаматы Жақсылықов Бахытбай  98 келі салмақ дәрежесінде 1-орынды иеленіп, чемпион атағын алды.

Бұл чемпионат 2024 жылдың 11-15 мамыр күндері Ақтау қаласында өтетін самбо күресінен Азия және Океания чемпионаты және Тәжікстан астанасы, Душанбе қаласында өтетін әлем чемпионатына іріктеу болды.

Біздің ардагер спортшы Жақсылықов Бахытбай Азия және әлем чемпионаттарына жолдама алды. Сәттілік тілейміз.

Айта кетейік, Бахытбай Жақсылықов Отар ауылындағы 1 балалар мен жасөспірімдер дене шынықтыру клубының директоры, самбо күресінен спорт шебері.

Leave A Reply

Your email address will not be published.