Гвардейск гарнизоны Әскери полиция бөлімі әскери полиция бөлімшесімен 2023 жылғы ақпан айы жоспарының талаптарына сәйкес «Алкоголь және есірткі – қылмыстың көзі» айлық іс-шаралар талаптарын орындау мақсатында, Гвардейск гарнизоны Әскери полиция бөлімі патрульдік-бекеттік қызметінің жеке құрамы, Гвардейск гарнизонының жауапты аймағында Қордай аудандық жергілікті полиция қызметі №19 бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы полиция майоры А.Ұлтамбаевпен бірлесіп, Гвардейск әскери қалашығында, әскери қызметшілер жиі шоғырланған жерлерде, көңіл көтеру орындарына жақын аймақтарда күшейтілген түрде қызмет атқару, рейдтік іс-шаралар жүргізілді. Сонымен қатар, әскери қалашық тұрғындарымен «Қоғамдық тәртіпке қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің нормаларын жеткізу» туралы профилактикалық әңгіме сұхбаттар өткізілді. Осы іс-шаралар өткізу барысында, әскери қызметшілер тарапынан құқық бұзушылық жасаған немесе масаң күйде қоғамдық тәртіпті бұзған әскери қызметшілер анықталған жоқ.
Н.Нусупов, Гвардейск гарнизоны Әскери полиция бөлімі әскери полиция бөлімшесінің бастығы, подполковник