2 сәуір күні Қордай ауылдық округінің жастар ісі жөніндегі инспекторы Әділет Құттыбайдың ұйымдастыруымен, Қордай АОА гинеколог дәрігері Шынар Усербаева, Қордай ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының бас инспекторы Алина Почуева және Қордай АПБ Ювеналды полиция тобының инспекторы Ерлан Абдимовтың қатысуымен, «Береке» Гуманитарлы-техникалық колледжінің білімгер қыздары арасында, ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында «Қыз бала – ұлттың болашағы» тақырыбында кездесу өткізілді.
Кездесу барысында сөз алған Шынар Қадыржанқызы қыз балалар арасында кездесетін ерте жүктілік, оның денсаулыққа қаншалықты зиян екенін түсіндіре отырып, ақыл кеңестер айтса, Алина Почуева тақырыптың өзектілігін түсіндіре келе, кез келген мәселелер бойынша бағыт-бағдар бере алатындығын жеткізді. Өз кезегінде полиция инспекторы Ерлан Бақытжанұлы аталған мәселе бойынша қылмыстық жауапкершілік барын атап өтіп, жасөспірімдердің білім алуға ынталы болуын тілге тиек етті.