Жамбыл облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит Департаменті өз кұзіреті шегінде Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің (бұдан әрі-Кодекс) 722 бабына сәйкес аудит материалдары, құқық қорғау органдары және басқа да мемлекеттік органдардан материалдары бойынша әкімшілік істерді қарап хаттамалар толтырады.
Сонымен, 207-бап бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзғаны үшін 10-нан 100 АЕК-ке дейін (айлық есептік көрсеткіш), қайталанған жағдайда 200 АЕК;
Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасын бұзғаны үшін 238, 239-баптар бойынша жеке тұлғалар, лауазымды тұлғалар, заңды тұлғаларға 50, 100 АЕК мөлшерінде, қайталанған жағдайда 200 АЕК және 1000 АЕК дейін айыппұл салуға әкеп соғады..
-250-бап бойынша міндетті аудит жүргізуден жалтарғаны үшін шағын 15 АЕК, орта – 20 АЕК, ірі-200 АЕК айыппұл салуға әкеп соғады;
Департаментпен Кодекстің 462-бабының 3-бөлігі бойынша хаттама толтырып, ведомстволық бағыныстылығы бойынша қарау үшін әкімшілік істер сотқа жіберіледі, онда заңды талаптарды немесе нұсқамаларды орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін лауазымды тұлғаларға 15 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.
Айта кету керек, жоғарыда аталған құқық бұзушылықтар Кодекстің 810, 811 бабына сәйкес, қысқартылған тәртіпке қаралуы мүмкін, бұл норма 7 (жеті) тәулік ішінде айыппұл сомасын аталған санкциясының 50% (елу пайызы) мөлшерінде айыппұл төлеу құқығын белгілейді. Мұндай құқық пайдаланылмаған немесе тиісінше пайдаланылмаған жағдайда Әкімшілік құқық бұзушылық іс жүргізу жалпы тәртіппен жүзеге асырылады, яғни Департаментпен Кодексте көрсетілген айыппұлдың толық сомасына қаулы шығарылады.
2023 жылдың есептік кезеңінде Департаментте барлығы 905 әкімшілік хаттамалар тіркеліп, оның ішінде: 792 материал қаралып әкімшілік айыппұлдар салынған, 113 материал сотқа берілген.
Салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 114,5 млн. теңгеге айыппұл салынып, 108,3 млн. теңгесі өндірілді немесе 94,6 % пайызды құрайды, қалған- 6,2 млн теңге мәжбүрлеп төлету үшін Мемлекеттік сот орындаушыларына және жеке сот орындаушыларына жолданды.
Департаментпен аудиторлық іс-шаралар қорытындысымен 3-талап арыз беріліп, ол қанағаттандырылған.
Департаментке берілген талап арыз – 16 құрады, оның 4 – ішінара қанағаттандырылды, 4- қаралуда, 8- қанағаттандырудан бас тартылды.
Сонымен қатар, Департаментпен Кодекстің 239 және 250-баптарына сәйкес қоғамдық мүддені білдіретін ұйымдарға (бұдан әрі – ОПИ) шара қолдану бойынша жұмыстар жүргізілді.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің 05.09.2023 жылғы № KВ/6304-I хатына сәйкес, депозитарий – «Ақпараттық-есептік орталық» Акционерлік Қоғамының ақпаратына сәйкес, қоғам мүддесін қорғайтын ұйым – ОПИ Қаржылық есептілік депозитарийіне (бұдан әрі – Депозитарий) 2022 жылға арналған жылдық қаржылық есептілікті және оған аудиторлық есепті заңнамада белгіленген тәртіппен ұсынбағаны анықталды.
Осыған орай, 2023 жылға «Ақпараттық-есептік орталық» АҚ-ның ұсынған 23 ОПИ-дің (ҚЕ), 239-бап. қаржылық есептілікті ұсынбау немесе уақтылы ұсынбау бойынша әкімшілік жауапкершілікке 12 – ОПИ тартылып, 4 485 000 теңгеге айыппұл салынды, оның 3 795 000 теңге өндіріліп, қалған 690 000 теңгені мәжбүрлеп орындауға жолданды.
Айта кетерлік жайт, 2 ОПИ бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнама талаптарын бірнеше рет бұзған және сәйкесінше Кодекстің 239-бабының 2-бөлігімен тартылған.
3 заңды тұлға қаржы ұйымына жатады және олар әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды.
Департаментпен 7 заңды тұлғаға қатысты Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 790-бабына сәйкес мәжбүрлеу шаралары қолданылып, полиция органдары заңды тұлғаларды таппаған.
Қазіргі таңда, төленбеген айыппұлды өндіру жұмыстары жүргізілуде.
Марат Егембердиев, Жамбыл облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы