АПАТТЫҢ АЛДЫН АЛҒАН АБЗАЛ

0

Дүйсенбі күні су тасқынын болдырмау, дайындық жұмыстарын жүргізу, төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша аудан орталығында оқу-жаттығу өткізілді.

 

Оған аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің,  полиция бөлімінің, аудандық орталық аурухана, ауылдық округ әкімі аппаратының қызметкерлері мен «Қазсушар» РМК жауапты өкілдерінен құралған шұғыл әрекет ету жасағы қатысты.

Аудан әкімі Бегзат Болатбеков те оқу-жаттығу жиынына қатысып, табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғанудың дайындығын тексерді.

Шара барысында Қордай ауданының төтенше жағдайларды жоюға жұмылдырылатын 24 техникасы мен 50-ден астам адамы бар азаматтық қорғау қызметтері, ұйымдар, мекемелер, кәсiпорындар және авариялық-құтқару қызметтерінің күш-құралдарының дайындығы пысықталып, саптық қарау өткізілді.

Сонымен қатар, жаттығу кезінде техникалардың, су сору құрылғыларының және жеке құрамның дайындығы, шартты су басу салдарын жою жұмыстары ұйымдастырылып, іс жүзінде көрсетілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.